Аймақтар • 15 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстанда «Бала дауысы» республикалық ән  байқауы өтті

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен 7 мен 13 жас аралығындағы жеткіншектерді қамтыған «Бала дауысы–2017» ұлттық балалар ән конкурсына өңірден 120 үміткер қатысты.

Солтүстік Қазақстанда «Бала дауысы» республикалық ән  байқауы өтті

«Петропавл қазақ классикалық гимназиясынан он баланы үкілеп қосып отырмын. Олардың арасында Аяулым Кәрібай болашағынан үлкен үміт күттіреді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әндерді керемет шырқайды», дейді «Айналайын» би тобының жетекшісі Ботагөз Мәметова.

Аяулымның анасы Әсемгүл Аманова тұлымшағы желбіреген қызының былтыр да қатысып, жақсы өнер көрсеткенін, биыл да бағын сынамақшы болғанын, мәселе, жүлделі орын алуда емес, ең бастысы тәжірибелері толысып, ысылады, дейді.

Тайынша ауданынан келген Әмина Жапар «Звезды Приишимья» облыстық байқауының жеңімпазы, «Аялаған Астана-2017» конкурсының Гран при иегері. Украинада ұйымдастырылған «Новая Волна-2017» жас орындаушылардың халықаралық конкурсының финалында жұртшылық қошеметіне бөленген.

Байқауды ұйымдастырушы Толғанай Хасенқызының айтуынша, конкурс балалардың ән шығармашылығын дамытуды көздейді. Музыкалық білім алуларына көмектеседі.

Қазылардың шешімімен Тайынша қаласындағы № 5 қазақ мектебінің оқушысы Әсел Тасмақанова жеңімпаз деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024